Таразда көпір салу үшін 68 нысан мемлекет меншігіне қайтарылады

486

Тараз қаласының "Залиний" аталып кеткен аумағымен байланыстыратын көпірді салу жұмыстары 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Таразда көпір салу үшін 68 нысан мемлекет меншігіне қайтарылады Фото: canva.com

Ал құрылыс басталуы үшін темір жолдың арғы және бергі бетіндегі 68 нысан мемлекеттің меншігіне қайтарылып, сүрілуі тиіс.

Бірер жылдан бері тұрғындар темір жолдың арғы бетіндегі тұрғын алапты байланыстырып тұрған жалғыз жер асты көпірінің тарлық ете бастағанын айтып, шағымданып жүрген.

Енді көпір салынатынын естігелі бері, әсіресе құрылыс аймағына кіретін нысандардың иелерінде маза жоқ. "Үйіміз бен жерімізді алған соң, өтемақысы қалай төленеді" дейді олар.

Тараз қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Темірхан Әйменовтың айтуынша, мемлекет меншігіне алынатын нысандардың 43-і жеке тұрғын үй болса, 25-і кәсіпкерлік объектісі екен.

"Жұртты мазалайтын сұрақ: "Өтемақының бағасын кім анықтайды?". Мемлекет мұқтажы бойынша алынатын жер телімдерін тәуелсіз сарапшы анықтайды. Солардың ұсынымдарына сай біз нарықтағы бағаны белгілеп, жер иелеріне тиісті өтемақыны төлейтін боламыз", - деп түсіндірді Т.Әйменов.

Мамандардың айтуынша, көпірдің ұзындығы 1 шақырымдай, ені 17 метр болмақ. "Бұл – экономикалық тұрғыдан маңызды нысан" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу