Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды

624

Үйден 300 адам эвакуцияланған, екі адам мерт болды.

Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды

Таразда көпқабатты үйлердің бірінде 06:30 шамасында жарылыс болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Сәуле Мұнтаева айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

"300 адам эвакуцияланды, екі адам мерт болды,­– деді ол.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарылыс орнын шұғыл қызмет мамандары тексеруде.

5 қабатты үйдің төменгі үш қабатындағы пәтерлердің терезесі сынған, бөлмеаралық қабырғалар қираған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу