Таразда қызды алып қашқан 3 адам ұсталды

345

Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Таразда қызды алып қашқан 3 адам ұсталды Фото: бейнежазбадан

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің мәліметінше, Таразда қызды ұрлады деген күдікке ілінген үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Деректерге сәйкес, тергеу Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы ("Неке қиюға мәжбүрлеу") бойынша жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бұл әрекет ресми түрде қылмыс санатына енгізілген. Аталған бап бойынша жаза ретінде 2000 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылы шамамен 7,9 млн теңге) дейін айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Егер іс ауыр зардаптарға немесе ауырлататын мән-жайларға ие болса, жаза мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін жетуі мүмкін.

"Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Барлық кінәлі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады", – деді Жамбыл облысында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген Шыңғыс Әлекешев.

Министрлік өкілі жаңа норма бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

"Ішкі істер органдары неке қиюға мәжбүрлеу және азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы кез келген әрекеттердің алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдайды. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық қамтамасыз етіледі", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу