Патруль қызметкерлері жол қозғалысына қауіп төндіріп келе жатқан BMW маркалы көлікті байқап, тоқтатуға әрекеттенген. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, қашып кетпек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде ер адамның алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Оның әрекеті ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін еді, алайда полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жағдай бақылауға алынды", – делінген полицияның хабарламасында.
Жүргізушіге көлікті мас күйінде басқарғаны, полиция талабына бағынбағаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.