Таразда мектеп тапшылығы: "Жайлы мектептің" енді жетеуі керек

569

Өңірде құны 61 миллиард теңгеден асатын 13 мектептің құрылысы жоспарланған.

Таразда мектеп тапшылығы: "Жайлы мектептің" енді жетеуі керек Фото: inbusiness.kz

Тараз қаласының бас жоспары өзгеріп, аумағы кеңейіп жатқандықтан, соңғы жылдарда мектептер тапшылығы айқын сезіліп отыр.

Жалпы Жамбыл облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары 9500 оқушыға арналған жаңа форматтағы құны 61 миллиард теңгеден асатын 13 мектептің құрылысы жоспарланған. Бірақ депутаттар орын тапшылығына байланысты тағы да жайлы 7 мектеп қажет деп мәселе көтеруде.

"Өңірге әлі 7 мектеп қажет. Оқу ағарту министрлігіне осыны айтып, мәселе көтердім. Сұранысқа сай "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына қосымша қосу керек", - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова.

Көтерілген мәселенің өзектілігіне байланысты орын тапшылығын ескере отырып, Оқу ағарту министрлігі ұлттық жобаға Жамбылда қосымша салынатын 6 мектептің жобасын қосты. 

Ал бір мектептің құжаттары дайын болмай, тізімнен түсіп қалған. Бір мектептің мәселесі жергілікті биліктің жедел әрекетіне тәуелді болып тұр. Тиісті сала басшылары керек құжатты реттеп өткізсе, тағы бір "Жайлы мектеп" бой көтеретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу