Таразда нан қымбаттады

1576

Таразда нан қымбаттады

Таразда әлеуметтік нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды 24.kz.

Дүкендерде нан 75 теңгеден сатылуда. Сатушылар мұны наубайханадан нанның жоғары бағамен келуімен түсіндіріп отыр.

Ал наубайхана өкілдері бағаны көтеруге мәжбүр болдық дейді. Өйткені бұған дейін ұн тасымалдайтын компаниялардан 1 келі ұнды 65 теңгеден алып келсе, қазір құны 84 теңгеге алады. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс әкімдігінде жиын өткізіліп, арнайы комиссия құрылды.

Айта кету керек, бағаны тұрақты ұстау үшін өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істеп тұр. Қор директорының айтуынша, қорда 724 мың дана нан, 500 тонна ұн бар. Бұл шамамен аймақты нанмен 6 ай қамтуға жеткілікті.

"Ұн қымбаттап кетті. Нанды бұрынғы бағамен сату тиімсіз болып отыр.  Қорымыздағы бұрынғы ұнмен бағаны 1 бір жарым ай ұстап келдік. Коммуналдық қызмет, жұмысшылардың жалақысы бар. Қазір жиынға қатыстық. Әкімдік бұл мәселені шешіп береді деген ойдамыз. Егер шешілмесе, әрі қарай жұмыс істеу мүмкін емес", - дейді наубайхана меңгерушісі Рашид Ниязов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу