Таразда студенттерден пара алған университет оқытушысы ұсталды

534

46 жастағы оқытушы студенттен 200 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. 

Таразда студенттерден пара алған университет оқытушысы ұсталды Фото: polisia.kz

Таразда студенттерден пара алған университет оқытушысы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

"20 қаңтар күні жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы ЖОО бірінен 46 жастағы оқытушы жұмыс кабинетінде студенттен 200 мың теңге қаржы алу кезінде ұсталды. Тәртіп сақшылары аға оқытушының осыған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады", - делінген хабарламада.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кету керек, мұндай қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркілену, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу