Таразда TikTok үшін көлікпен тротуарға шыққан 20 жастағы жүргізуші жазаланды

247

Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Таразда TikTok үшін көлікпен тротуарға шыққан 20 жастағы жүргізуші жазаланды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарияланған бейнежазбада Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалып, олардың өміріне қауіп төндіргені көрінеді.

Тәртіп бұзған азаматтың облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.Белгілі болғандай, жас жігіт көлік тізгінінде отырып, ермек үшін қауіпті әрекеттерге барған. Кейін түсірген бейнежазбаларын TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тротуардың жаяу жүргіншілерге арналғанын ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу