Таразда тоғыз қабатты үйде өрт шықты

714

Таразда тоғыз қабатты үйде өрт шықты

Таразда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 38 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтемемен sputniknews.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жұма күні 07.29-да төртінші қабаттағы ауданы бес шаршы метр қосалқы бөлмеде өрт шыққан.

"Құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 38 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі балалар", — делінген хабарламада.

Өрт 07.42-де ауыздықталып, 07.45-те сөндірілді. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқаша тұйықталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу