Таразда тұрғын үйлердегі жеделсатылардың қолданыстағы мерзімі 25 жылды құрайды

334

Шаһардағы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары тозығы жеткен жеделсатыларды қолданып жүр. 

Таразда тұрғын үйлердегі жеделсатылардың қолданыстағы мерзімі 25 жылды құрайды Фото: zakon.kz

Жалпы қолданыстағы жеделсатылардың саны – 58. Ал Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгеріміндегісі –  29.

Сол 29-дың бәрінің тозығы жеткен. Мамандар соның 27-сін ауыстыру қажет екенін айтады.

Бөлімнің теңгеріміне алынған жеделсатылар Беларусь еліндегі "МогилевЛифтМаш" зауытынан шыққан. Мұндай үлгілер бүгінде өндірістен алынып тасталған.

Қала әкімдігі биыл жеделсатыларды ауыстыру үшін  88,2 милион теңге қаржы бөліпті.

Қазір мердігер "ТаразЛифтСервис" ЖШС 6 жеделсатына ауыстыруда. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғастырылады.

Жоспарға сай 2024 жылы – 10, 2025 жылы 11 жеделсаты ауыстырылмақшы.

Жеделсатылардың алды 25 жылдан бері қызмет етіп келе жатса, тағы бір бөлігі 2009-2010 жылдары пайдалануға берілген.

Ескірген жеделсатылар жиі істен шығып, тұрғындардың шағымын туғызып жүр. Техникалық қызмет көрсетілмей, пәтер иелерінің жоғары қабатқа жаяу көтерілетін кездері көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу