Таразда ұрылар 5,5 миллион теңгенің алтынын қолды қылды

875

Таразда ұрылар 5,5 миллион теңгенің алтынын қолды қылды

Таразда зергерлік бұйым сататын дүкенге ұры түсті. Қарақшылар "Ауыл Береке" базарындағы дүңгіршектен 5 жарым миллион теңгеге жуық болатын алтын әшекейді қолды қылып, із жасырмақ болған, деп хабарлайды 24.kz.

Жедел іздестіру нәтижесінде 24 және 25 жастағы екі жігіт ұсталды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданы мен Тараз қаласының қос тұрғыны кінәсін мойындап отыр. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Тергеп жатырмыз. Бұлардың қылмыстық әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір тергеу изоляторына қамаққа алынды. Басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Заңға сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді қалалық полиция бөлімінің басшысы Нұржан Рахметуллаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу