Полицейлер қала көшелерін патрульдеп жүргенде жол ережесін бұзған Mercedes-Benz автокөлігін байқаған. Жүргізуші полицейлердің ескертуін елемей, жолдың қарсы бетіне шығып, қашуға әрекеттенген.
Белгілі болғандай, көлікті жүргізген кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргізуші куәлігі жоқ еді. Ол көлікті әпкесінің рұқсатынсыз алған.
Полиция мәліметінше, жасөспірім мен көліктің иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полицейлер ата-аналарды балаларының іс-әрекетіне мұқият болуға және рұқсатсыз көлік жүргізуге жол бермеуге шақырады. Мұндай жағдай жасөспірімге де, жолдағы басқа қатысушыларға да қауіпті.