Келеңсіз жайттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, мас күйдегі жолаушы жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан автобустың жүруін талап еткен. Жүргізуші бас тартқаннан кейін олардың арасында жанжал шығып, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіні пышақпен жаралаған.
Полиция күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Ал жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу