Таразда жүк көлік иелері жаппай наразылыққа шықты

424

Олардың талабы – айыппұлдан арылу.

Таразда жүк көлік иелері жаппай наразылыққа шықты Фото: Ашық дереккөзден

Таразда жүк көлік жүргізушілері жаппай наразылыққа шықты. Өйткені артық салмақ артқаны үшін әрбірі миллиондап айыппұл арқалауда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Көлік иелері кенет күшейген мұндай талапты түсіне алмай әлек. Сөздерінше, соңғы 4 тәулікте жол сақшылары торуылдап келіп, тоқтатуды күшейткен. Табандап талап айтқан бір топ жүргізуші бұл табысты тарылту дейді. 

Бұл - шаһарды шарлап, күнбе-күн түрлі тауар таситын жүргізушілер. Бүгін бар тірлігін тыйған олар айыппұл арқалау тым жиілеп кеткеніне наразы. Бар мәселе артық тиелген 2-3 тоннада екен. Жиылған жүргізушілер алды млн, арты 200 мың тг айыппұл жазылған. 

Көлік иелері табыс тапсырысқа байланған деп азар да безер. Тәулігіне 15-20 мың тапса қуанады. Сондықтан ірі көлемдегі мұндай айып құны бар тірлікті іркілтеді дейді. Ереже бар болса, неге бұрыннан бабында болмады деп ашулы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу