Таразда жылдамдықты 43 мәрте асырған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

105

"Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.  

Таразда жылдамдықты 43 мәрте асырған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды Фото: gov.kz

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің 43 мәрте құқық бұзушылық жасағаны, олардың барлығында жылдамдықты нормадан асырғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде елемей, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. Құқық бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Жыл басынан бері "Борышкер" іс-шарасы аясында 5353 автокөлік арнайы тұраққа жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу