Таразда жылжымайтын мүлік нарығы алға "жылжымай" тұр

488

Таразда екі жылда тұрғын үйлер күрт қымбаттап, жылжымайтын мүлік нарығы тоқырауға ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таразда жылжымайтын мүлік нарығы алға "жылжымай" тұр Фото: canva.com

Мамандардың айтуынша, жылжымайтын мүлік кем дегенде екі есе қымбаттаған. Бұған инфляцияның өсімі, азық-түлік бағасының өсуі әсер еткен.

"Егер бұрын орталықта кірпіштен салынған тұрғын үйлерден екі бөлмелі пәтерді 8-10 миллионға сатып алуға болатын. Қазір оның құны кем дегенде 15 миллион теңгеден асады. Тиісінше, бір бөлмелі баспананы 3-4 миллион теңгеге саудаласа, қазір ол кем дегенде 9 миллион тұрады. Ал Тараздағы орташа жалақы көлемі 80 мың теңге. Ал мұндай айлықпен пәтер сатып алуға үнемдеу мүмкін емес", – дейді риэлтор Бағдат Серікбаева.

Мамандар Тараздағы жылжымайтын мүлік нарығы қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр дейді. Пәтер иелері өз үйлерін сата алмағандықтан, жылжымайтын мүлік агенттіктері қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр болуда.

Тіпті ипотекаға рәсімдеушілер де, сату сайттарында да қаралым азайып кеткен.

Риэлторлар Таразда ауданы жақсы жағдайдағы, орталықтағы қайталама 80 шаршы метрге дейінгі 4 бөлмелі  40 миллион теңгеге сатып алуға болатынын жеткізді. Ал жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жоғарғы қабаттарда, 3 бөлмелі пәтерлердің құны 20-25 миллион теңге тұрады.

Шаһардың шағын аудандарында жоғарғы қабаттардағы және жөндеу жүргізілмеген пәтерлер арзанырақ. Бұл аудандардар 9 миллион теңгеге 1 бөлмелі пәтер немесе 16-17 миллион теңгеге 3 бөлмелі пәтер сатып ала аласыз.

Айта кету керек, Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұрғын үй жылжымайтын мүлікке сұраныс айтарлықтай төмендегенін мәлімдеген болатын. Сатып алу-сату мәмілелерінің саны төмендеп, жылдық бөліністе 16,1 пайызды құрады.

Сатып алу-сату мәмілелері Алматы мен Астанада көбірек тіркелген. Ал Жамбыл облысы жылжымайтын мүлік нарығында тізімнің соңына жақын тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу