Тараздағы 558 көшеде асфальт жоқ

556

Ауылды айтасыз, алып шаһарларда да тақтадай тегіс жолдар жоқ.  

Тараздағы 558 көшеде асфальт жоқ Фото: egemen.kz

Білдей бір Тараз көшелерінің жартысына жуығына асфальт мүлде төселмеген. Соңғы жылдары шаһардың шет аумағындағы жолдарға шағым, тіпті, көбейген. Мәселен, Қант алқабындағы көшелерге 20 жылдан бері асфальт төселмей келеді. Балшыққа белшеден батқан бұқара 5 жылда жауаптылар есігін қағып шаршаған. Бұдан өзге мердігерлердің шала-пұла жұмысы да сыннан көз ашпай тұр. Қала тізгінін ұстаған жаңа басшылық енді 3 жылдық жоспар түзді. Биыл республика мен облыстық қазынадан алып жобаға 5 млрд теңге бөлінді. Ал бұған дейін бұл мақсатта жыл сайын 1 млрд тг-дей қаралып келген. Енді 2025 жылға дейін Тараздағы 500 көше асфальтталмақ. 

Жауаптылар әр жылы кемі 100 көше жөнделеді деп болжауда. Биыл 114 көше мәселесі шешімін таппақ. 

"Биылғы жылы бізде 3,5 млрд тг тек қана орташа жөндеу жұмыстарына бөлініп, одан бөлек республикалық бюджеттен 2 көшеге реконструкция жасап жатырмыз. Яғни кеңейту жұмыстары", дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу