Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген

557

Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.  

Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген Фото: astanatv.kz

Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлардың мәліметінше, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.

Аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.

Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар.

Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу