Тараздық тұрғындар өз бетімен тоқ тартып, жарық үшін таласып жүр

623

Әкімдік 14 жылдан бері аумаққа шап-шағын трансформатор орнатуға құлықсыз.

Тараздық тұрғындар өз бетімен тоқ тартып, жарық үшін таласып жүр

Әлеумет мәселе әкімдер эстафетасына айналды деп азар да безер.  Тіпті, шағым айтқан ақсақалдардың алды арғы дүниеге аттанып кеткен. Әйтеуір, 70 үйдегі жұртқа жарық үшін күнде талас.

Шаһардың шет аумағына жайғасқан жұрттың жергілікті билікке өкпесі қара қазан. Өйткені 14 жылдан бері жарық жырын жырлаумен келеді. Жер беріп, жол салған әкімдік, жарық тартуды ұмыт қалдырды деп күйінеді. 

Жел тұрып, жауын жауса, бар жарық сөнеді. Тұрмыстық техника да шақ келмейді. Қит етсе, күйеді екен. Артық қондырғы қойып, қолдануға да қараша әбден қорқып қалған. Өрмекші торындай салбыраған сымдар қараша үшін тым қауіпті. Жазатайым жағдай жиілеп тұрғанын айтады. Тіпті былтыр екі баланы кенет тоқ ұрған.  

Тұрғындар талабы - әуелі трансформатор орнатқызу. Өйткені жарық қуаты үйдің бәріне бірдей жетпейді. Оның өзінде жұрт кемі 500 мың тг төлеп, тартқызыпты. Қызығы жарықтың  бұлай бет алды тартылып, жүргізілуіне жауаптылардың көз жұма да қарауы тым күдікті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу