Тарбағатай ауданында адамдарды алдын ала эвакуациялау басталды

389

Аягөз өзенінен қалаға үлкен су ағыны келуі болжанған. 

Тарбағатай ауданында адамдарды алдын ала эвакуациялау басталды Фото: Абай облысының әкімдігі

2024 жылдың 28 наурызында Тарбағатай ауылы ауданындағы Аягөз өзеніндегі су деңгейінің 365 см-ге дейін көтерілуіне байланысты Аягөз өзенінен қалаға үлкен су ағыны келуі болжанған, деп жазады inbusiness.kz сайты Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде 43 жеке тұрғын үйден 172 адамды мектеп-интернат жатақханасына және жасөспірімдер спорт мектебіне алдын ала эвакуациялау басталды.

Семей қаласынан көмек көрсету үшін Абай облысы ТЖД күштері, яғни 18 адам, 2 бірлік техника және 4 мотопомпалар жіберілді.

Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін, сондай-ақ халықты эвакуациялау мақсатында Аягөз қаласының күштері мен құралдары: ЖАО 90 адам және 31 бірлік техника, ТЖД 20 адам және 4 бірлік техника 30 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу