Тарбағатайда полицейлер қарға кептеліп қалған жол талғамайтын көлікті шығарып алды

263

Жол талғамайтын көлік "Омбы – Майқапшағай" тасжолында қатты жел мен қалың қар салдарынан жиекке шығып кеткен.        

Тарбағатайда полицейлер қарға кептеліп қалған жол талғамайтын көлікті шығарып алды Фото: polisia.kz

Көлік қарлы жыраға қарай шығып кеткен. Қардың қалыңдығынан жүргізуші көлікті өз күшімен шығара алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов пен табиғатты қорғау тобының инспекторы Ришат Ахметов шұғыл жетті. Тәртіп сақшылары көлік айналасын қардан тазартып, дөңгелектерін босатты және арнайы техниканың жұмыс істеуіне жағдай жасады. Кейін трактордың көмегімен көлік қайтадан тасжолға шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші полицейлерге жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу