Тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуы анықталды

353

Аталған бұзушылықтар бойынша прокуратурамен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 

Тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуы анықталды Фото: u-f.ru

 

Бурабай ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тарифтің төмендеуіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.

Осы жұмыс аясында Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.

Мәселен, қадағалау ведомствосы электр және жылу энергиясы, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау, сондай-ақ амортизацияға арналған шығындарды тарифтік сметасына негізсіз енгізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде абаттандырылған үйде тұратын бір тұрғынға тарифтің құны 37,70 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1м3 үшін 420 ден 382,30 тг.), ал абаттандырылмаған үйлер үшін 40,91 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1м3 үшін 455,85 ден 414,94 тг.) төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, 10 173 тұтынушының, оның ішінде 183 заңды тұлғалардың мүдделері қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу