Тарих оқулықтары еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады – Асхат Аймағамбетов

814

Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындарында тарих пәнін оқытуда өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парағында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тарих оқулықтары еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады – Асхат Аймағамбетов

"Енді Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы оқулықтары еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Жоғары оқу орындарында қазіргі "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының" орнына "Қазақстан тарихы" пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды", – деді министр.

Сонымен қатар ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.

Сондай-ақ бағалау бойынша да өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай тек жазбаша емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. 

Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

Асхат Аймағамбетов Петропавлда Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатқанын атап өтті. 

Ол бұл институттар осы өңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу