1 күнде Илон Маскты басып озған бай адам пайда болды

Мұндай есепті Bloomberg агенттігі жасап шыққан.   

1 күнде Илон Маскты басып озған бай адам пайда болды Фото: РБК

АҚШ-тағы сауда-саттыққа байланысты акция бағасы уақытша 40 пайызға көтерілген Ларри Эллисонның байлығы шамамен 100 миллиард долларға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, IT концернінің негізін қалаушы Илон Маскты басып озып, ең бай адам мәртебесіне ие болған.

Десе де, Forbes нұсқасы бойынша Tesla басшысы әлі де көшбасшылықты сақтап қалған. 
81 жастағы Ларри Эллисонның байлығы тарихтағы бір күндегі ең үлкен өсім саналып отыр. Рейтинг бойынша, оның байлығы қазір 393 млрд долларға бағаланса, Масктың байлығы – 385 млрд доллар.

Oracle акциялары концерннің бұлтты бизнестегі өсу болжамының арқасында өскен. Өткен тоқсанда оның бұлттық инфрақұрылымнан түскен кірісі былтырмен салыстырғанда 55 пайызға өсіп, 3,3 млрд долларға жеткен-ді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу