Алматыда "Қайрат" және "Реал Мадрид" командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін метроның жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала әкімдігінің дерегінше, тегін автобус маршруттары орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі нүктелерге дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:
- Орталық стадион – "Алматы Арена" (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
- Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
- Орталық стадион – "Алматы -1 вокзалы" т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
- Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
- Орталық стадион – Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
- Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы);
Қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. "Байқоңыр" және "М. Әуезов атындағы театр" бекеттерінде қызметкерлер саны күшейтіледі.
Айта кету керек, алматылық "Қайрат" пен испаниялық "Реал Мадрид" бүгін, 30 қыркүйекте кездеседі. Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылатынын жазғанбыз.