Тарихи матчтан кейін тәртіпсіздіктер тіркелген жоқ – ІІМ

301

Вице-министр Қазақстан футболын қолдаймыз деп отыр. 

Тарихи матчтан кейін тәртіпсіздіктер тіркелген жоқ – ІІМ Фото: Алматы әкімдігі

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынынан кейін тәртіпсіздіктер болды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, құқық қорғау органы өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды.

"Өте атақты футболдың гранды деп жатырмыз. "Реал" командасы қазақ жеріне алғаш келіп отыр. Бәріміз жанкүйеріміз, Қазақстан футболын қолдаймыз. Меніңше, өте жоғары деңгейде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Сол себептен біздің тарапымыздан ешқандай кемшіліктер болған жоқ. Қоғамдық тәртіпті өте жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, біздің полиция қызметкерлері міндеттерді жоғары деңгейде атқарды", – деді ІІМ өкілі Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін "Қайрат" "Реал Мадрид" клубына есе жібергенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу