Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа түріне қатысты түсініктеме берді

476

СҚО полицейлері алаяқтықтың жаңа түріне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа түріне қатысты түсініктеме берді

Петропавл тұрғындары WhatsApp-та бір-біріне айыппұлдың болуы туралы хабарламаның скриншот-суреті бар ескертуді жіберіп жатыр. Скриншотта бұл хабарламаның жіберушісі "Police_Pvl" деп көрсетілген. 

"Мұндай ресми мекен-жай жоқ. Сол себепті де абай болған жөн. Айыппұлдың болуы немесе болмауы туралы мәліметті ҚР электрондық үкіметінің 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу немесе полицияға хабарласу арқылы білуге болады. Күмән туғызатын сілтемелерге өтуге болмайды. Бұл құрылғының қауіпті вирус жұқтырып, қаскөйлерге сіздің құпия ақпаратыңыз бен банктік шоттарыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Поддернин. 

Ақпаратқа сәйкес, СҚО-да "айыппұлдар" бойынша смс-хабарламалардың таратылуы туралы өтініштер тіркелмеген. Бірақ та 1414 Бірыңғай байланыс орталығы ел тұрғындарынан  күмәнді хабарлама бойынша сұрақтар келіп түскенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу