Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен полицейлер, дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге өтемақы беріледі

853

Оларға 2 млн теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру және шаһарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен полицейлер, дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге өтемақы беріледі

Мегаполис басшысының айтуынша, зардап шеккендерге келтірілген шығын өтеліп, қолдау көрсетіледі.

"Жарақат алған және зардап шеккен құқық қорғау қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандарға 2 млн теңге, орташа – 1 млн теңге, жеңіл – 500 мың теңге беріледі", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде тартылған тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу