Тәртіпсіздіктерге қатысқан 168 адам сотталды – ІІМ

921

Бүгінде полицейлер 1 мыңнан аса қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тәртіпсіздіктерге қатысқан 168 адам сотталды – ІІМ Фото: Максим Морозов

Биыл қаңтардың басында тәртіпсіздіктерге қатысқан 168 адам сотталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 1 090 қылмыстық істі тергеуде.

"165 адам күзетпен ұстауда отыр. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған. 315 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды. Бұл – бірінші рет қылмыс жасап, кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл істер сотқа берілді. Олардың көпшілігі ұрлық жасағандар – 196 адам, қарудың заңсыз айналымы – 39 адам, тонау, көлікті айдап кету, ұсақ-түйек заттарды жымқыру бойынша – 3 адам", – деді Санжар Әділов ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ол қанша адам сотталғанына тоқталды.

"Бүгінде елдегі соттар 168 адам соттады. Оның ішінде 147 адам жасаған әрекетіне өкінетінін айтты... Сотталған адамдардың кінәсі негізінен қылмыс орындарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлер, заттай айғақтармен дәлелденеді", – деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу