"Тасболат ойл корпорейшн" компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті

485

Мұнай компаниясының жұмысшылары өндіріс орнында наразылыққа шығып, Президент Қысым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады.  

"Тасболат ойл корпорейшн" компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті

"Соңғы уақытта болып жатқан саяси жағдайларға байланысты инфляциялық құлдырау бізді де айналып өтпеді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар барлығы қымбаттап кетті. Жалақымыз құнсыздануда. Жұмысшылардың көбісінде көп балалы жанұясы бар. Бүгінде әлемде мұнай бағасының баррелі 90 доллардан асты. Тиісінше компанияның табысы өткен жылдармен салыстырғанда өсті. Осыған орай, жалақымызды көтеруді сұрап, талай рет өтініш айтқан едік. Алайда осы уақытқа дейінгі атқарған шаралар нәтиже бермеді. Жалақымызды көбейтуді талап етеміз",- дейді жұмысшылар.

Наразылыққа шыққандар экономикалық тұрақсыздық жағдайда, еліміз қиындыққа тап болған кезеңде компанияға адал еңбек еткендерін алға тартты. Сондықтан да ұжым арасында шиеленіс туғызбай, мәселенің оң шешілуін сұрады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу