Ташкент пен Атырау арасында тікелей әуе рейсі ашылады

107

Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағытта аптасына екі рейс жоспарланған.   

Ташкент пен Атырау арасында тікелей әуе рейсі ашылады Фото: fergana.agency

Ташкент пен Атырау арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Өзбекстанның Uzbekistan Airways әуе компаниясы 30 наурыздан бастап “Ташкент – Атырау – Ташкент” бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, ұшақтар дүйсенбі күні күндіз, ал жұма күні кешкі уақытта қатынайды.

Билеттердің бастапқы бағасы 1,9 млн сумды құрайды, бұл шамамен 81 мың теңгеге тең. Билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан, мобильді қосымшасы арқылы немесе арнайы сату кеңселерінен сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу