Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктер үшін құрылған қорға бес күнде 350 миллион теңге жиналды

255

Қаржы көлемі тағы еселеп артады деген үміт бар. 

Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктер үшін құрылған қорға бес күнде 350 миллион теңге жиналды Фото: Әзиз Жанұзақ

Әзірге өңірдегі кәсіпорындар мен қоғам белсенділері ақша аударып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сондай-ақ қарапайым тұрғындар да өз үлестерін қосуда. Жиналған қаржының есебі қордың ресми парақшасында @qamqor_aqtobe2024 беріліп отырады.

"Су тасқынынан қаншама үй қирады. Тұруға жарамай қалғандары да жетерлік. Дүние-мүліктері бүлінді. Мемлекет тарапынан жаңа құрылыс салуға көмек көрсетіледі. Бірақ құжатына байланысты қиындықтар туындайтын мәселесі де болуы мүмкін. Қазір азық-түлік, киім-кешекпен көрсетіліп жатқан гуманитарлық қолдау келіп жатыр. Бірақ ең бастысы - зардап шеккендерді баспанамен қамту. Сыз тартқан жерде адамдар қалай тұрады? Іргетасы сөгіліп, қабырғасы жарылған шаңырағын қанша жөндеп, жамаса да ертеңдері құлайды ғой. Сондықтан қорға жиналған қаржыны осы баспана мәселесін шешуге ғана бағыттап отырмыз. Тұрғындардың ешбірі тентіреп қалмасын. Жомарт жандар мен қайырымдылық жасаудан ешбір адам қалыс қалмайды деп ойлаймын", - деді қор басшысы Әбдіхат Мырзалин.

Қордың қамқоршылық кеңесінде 13 адам бар. Олар түскен ақшаның ретімен жұмсалуын қадағалайды. Одан бөлек халыққа есеп беріп отырады. Қоғамдық қор мүшелерінің ешбірі жалақы алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу