Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау механизмі жұмыс істемейді

1328

Шымкентте жанармай бағасының тұрақсыздығы, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, билік тарапынан субсидиялаудың болмауы – бұл саланы шығынға батыруда.

Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау механизмі жұмыс істемейді

Шымкентте тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау механизмі жұмыс істемейді. Бұл мәселе өңірлік кәсіпкерлер палатасында көтерілді, деп хабарлайды atameken.kz.

"Южавтотранс" автотасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюповтың айтуынша, шымкенттік ішкі қалалық маршруттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыратын көлік компаниялары қалалық әкімдіктен шығындар үшін бірде-бір рет  өтеу алмаған, бұл қалалық билікке міндеттелген. Жергілікті биліктің қолдауынсыз, Шымкентте жолаушы тасымалдарында даму келешегі жоқ, деп санайды тасымалдаушылар.

Бұл мәселені "Атамекен" бірнеше рет үкімет деңгейінде көтерген. 2018 жылдың басында ҚР премьер-министрі орынбасары Асқар Маминнің тапысырмасымен Автобус жолаушылар тасымалдарын дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленіп, ҚР үкіметімен бекітілді. Онда барлық өңірлерді субсидиялау қарастырылған. Бірнеше өңірде бұл мәселе шешімін тапқан. Шымкент қаласында олай емес.

Шымкент қаласында тасымалдаушыларға жеңілдікпен жол жүретін жолаушыларды тасымалдау шығындары да өтелмейді. Тасымалдаушылар студенттерге жеңілдетілген тарифпен қызмет көрсетеді және жергілікті органдармен ауызша келісім жасаумен көп балалы аналарды тегін тасымалдайды.

Осы ретте Шымкент қаласындағы тасымалдау бойынша тариф – ел бойынша ең төмен. Соңғы рет қоғамдық көлікте жол жүру құны 2015 жылы 50 теңгеден 70 теңгеге көтерілген. Осы уақыт ішінде дизель отыны жүз теңгеге қымбаттап, 190 теңгені құрады, дөңгелек құны 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін өсті, аккумулятор 24 мыңнан 50 мыңға дейін өсті. Жанармай бағасының тұрақсыздығы, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, билік тарапынан субсидиялаудың болмауы – бұл саланы шығынға батыруда.

Көлік саласына жауапты шенеуніктер тасымалдаушылармен өткен кездесуге тағы келмеді. Келген қызметкерлер бұл салада біліксіз болып шықты. Сондықтан келесі жолы кездесуді қала әкімдігі деңгейінде өткізу керек деп шешілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу