Татьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті

404

Wildberries компаниясының бас директоры болып Алексей Куликов тағайындалды.

Татьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті Фото: РИА Новости

19 қарашадан бастап Кимге тиесілі "Вайлдберриз" ЖШҚ-ның Wildberries пен Russ бірігуінен құрылған компанияны басқаратын "РВБ" ЖШҚ-дағы үлесі де өзгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап

"Коммерсантъ" басылымының мәліметінше, маркетплейстің негізін қалаушылардың бірі Татьяна Кимнің компаниядағы үлесі 65 пайыздан 45 пайызға дейін қысқарған. Ал "РВБ"-ның жаңа ортақ иелері ретінде екі жабық қоры тіркелген.

Компания өкілдері "Коммерсантъ" басылымына меншік құрылымындағы өзгерістер қолданыстағы активтерді оңтайландыру және жауапкершілікті бөлудің жаңа тәртібіне көшу мақсатында жасалғанын айтты.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Еуропалық одақ Татьяна Кимге санкция салған. ЕО бұл шешімін Wildberries платформасы Ресей әскери күштерін жабдықтау жүйесінің бір бөлігі ретінде жұмыс істеп, әскери мақсаттағы және қосарлы мақсатта пайдаланылатын тауарлардың сатылуына жағдай жасайды деп түсіндірді.

Санкциялық шектеулер Кимнің үлесі немесе бақылауы 50 пайыздан асатын компанияларға да қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу