Тау басындағы алпыс ауылдың 15 мыңдай тұрғыны жарыққа қол жеткізді

898

Тау басындағы алпыс ауылдың 15 мыңдай тұрғыны жарыққа қол жеткізді

Адамзат күн сәулесінің энергиясын күнделікті өмірде қажетіне жарата бастады. 2013 жылдан бері Гималай тауларындағы алыс елді мекендер де баламалы энергия көздерін игеруге қол жеткізді. Жаһандық Гималай экспедициясы қолға алған жобаның арқасында тау басындағы алпыс ауылдың 15 мыңдай тұрғыны жарыққа қол жеткізді. Көпшілік бұл жұмысты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік тәжірибелер алаңынан көре алады, деп хабарлайды 24.kz.
Ауылдардан бөлек, қалалық жерлерде де күн сәулесін кәдеге жаратады. Мысалы жаяу жүруге арналған жолдар мен саябақтарда күн панельдерін төсеп қуат алуға болады. Яғни жердің беткі қабатына пластиктен жасалған арнайы құрылғыны орналастырып, күн сәулесінен баламалы энергия өндіріледі. Бұл технология қазір Астанада қолданысқа енгізіліп жатыр.
Үздік тәжірибелер алаңындағы жобалардың дені адам өмірінде сәтті жүзеге асып жатыр. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясындағы тың идеялар енді еліміздің игілігіне жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу