Тауар биржасының 2 деңгейлі жүйесі енгізіледі

603

Бұл туралы мәжілісте биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстырған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тауар биржасының 2 деңгейлі жүйесі енгізіледі

"Тұрақты биржа саласын қалыптастыру мақсатында заң жобасында тауар биржасының 2 деңгейлі жүйесін енгізу ұсынылды", – деді министр. 

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, бірінші деңгей биржалық тауармен сауда-саттықты жүзеге асыратын тауар биржаларына қатысты болады. Олардың жарғылық капиталы 700 мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылады. Екінші деңгей стандартталмаған тауарлармен ғана сауда жасайтын тауар биржаларын қамтиды. Олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері осыған дейінгідей айлық есептік көрсеткіштің 300 мың еселенген көлемінде қалады. 

"Биржа қызметінің түрлі деңгейге бөлінуі биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді. Яғни стандартталмаған тауар сататын биржалар басқа ойыншылармен топтасу, қызмет көрсету аясын кеңейту және сапаға басымдық беру арқылы сауда-саттық көлемін ұлғайтуға ұмтылады", – Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу