Тауар өндірушілерге арналған Ondiris.kz сайты таныстырылды

1057

Тауар өндірушілерге арналған Ondiris.kz сайты таныстырылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жақында ғана іске қосылған ondiris.kz порталының жұмысымен таныстыру мақсатында семинар-кеңес өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат ХАА хабарлайды.

ОҚО-ның тауар өндірушілеріне арналған портал туралы аймақтық Кәсіпкерлік мектебінің бас директор орынбасары Береке Дүйсебеков айтып берді. Іс-шараға Мақтарал ауданының кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікке қызығушылық білдірген азаматтар қатысты.

Ondiris.kz  – бұл ОҚО-ның меншік нысаны мен саласы әртүрлі тауарөндірушілер мен кәсіпорындардың веб-каталогы. Береке Дүйсебековтың айтуынша, жобаны Оңтүстік Қазақстанның ғана емес, басқа да аймақтар мен шет мемлекеттердің өндірушілері мен тұтынушыларын байланыстыратын онлайн-алаңға айландыру – басты мақсаттардың бірі. Портал тұтынушылары тауарларын тез әрі тегін жарнамалап сатуға, отандық өнімді делдалсыз үстеме бағамен табуға, үйден шықпай, отандық өнімдермен танысуға бірегей мүмкіндік бар. Сонымен қатар, тұтынушы тікелей тауарөндірушіге хабарласып, нақты өнім туралы барлық қажетті ақпараттармен таныса алады. Жобаның ең басты артықшылықтары:

- Тауарды орналастыру тегін. Тәулігіне 24/7;

- Ай сайын 100 мыңнан астам қолданушы;

- Маркетинг мамандарынан тегін кеңес алу;

- Аз уақыт аралығында кез келген кәсіп түрін дөңгелету;

- Делдал тарапынан бәсекелестіктің болмауы;

- ONDIRIS.KZ мобильдік бағдарламасының болуы;

- Компания және оның тауары Ondiris.KZ журналының басылымына шығады;

- Тауар өндірушілердің өнімін "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ресми парақшасымен әлеуметтік желілерде жарнамалау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу