Тауар жеткізуге геосаяси жағдай қалай әсер етіп жатыр

1043

Елімізге сырттан тауар жеткізуде қазіргі геосаяси жағдайдың әсері қандай? Бұл мәселеге қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Елікбаев түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тауар жеткізуге геосаяси жағдай қалай әсер етіп жатыр

"Геосаяси жағдайға байланысты тауар тасымалдау мен жеткізуде өзгеріс болып жатыр. Яғни сырттан келетін тауарлардың түпкілікті құны, көлемі және жеткізу бойынша өзгерістер байқалып отыр. Бүгінде көрші елдерде тұтыну тауарлары, химиялық заттар мен жабдықтар жетіспеушілігі бар. Сондықтан кәсіпкерлер маршруттардың өзгеретінін айтып жатыр. Кәсіпкерлер бұған дейін тауарларды Ресейден сатып алса, ендігі уақытта Батыс және басқа да елдерден әкелуге мәжбүр", – деді Қуаныш Елікбаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу