Мәдина Әбілқасымова агенттік тауар бағасын белгілемейтінін еске салды.
"Мәселен, қарыз алушы тауарды қолма-қол ақшаға алғанда және бөліп төлеумен алса, қанша қосымша үстеме ақы қосылатынын нақты білуі тиіс. Яғни, тауарды қолма-қол ақшаға алса бір баға, ал бөліп төлеуге алса басқа баға болу керек. Сатып алушы несие рәсімдеген кезде тауар құнына қандай үстеме ақы қосылатынын білуі қажет", – деді агенттік басшысы Парламенттің бірлескен отырысының кулуарында.
Осылайша, бір тауарда екі түрлі баға көрсетілуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу