Тауарға ілеспе құжатты рәсімдеу жөніндегі міндеттемелер алынып тасталды

520

ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығының жобасы ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz. 

Тауарға ілеспе құжатты рәсімдеу жөніндегі міндеттемелер алынып тасталды Фото: atameken.kz

Құжатқа сәйкес тауарға ілеспе құжат осы жылдың 10 ақпанынан бастап ЕАЭО елдеріне экспорт/импорт кезінде, ал 1 сәуірден бастап акцизделетін өнімге (алкоголь өнімі, мұнай өнімдері) ғана қолданылады.

Демек,  тауарға ілеспе құжат Қадағалану механизмі туралы келісім шеңберінде ЕАЭО елдеріне экспорт, импорт кезінде тауарлардың жекелеген түрлеріне ғана жазылатын болады. Барлық басқа жағдайда тауарға ілеспе құжат жасалмайды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 30 желтоқсанында ҚР Қаржы министрлігі мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді түбегейлі қайта қарау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 

Осылайша, екі ведомство 2023 жылдың 1 наурызына дейін тауарға ілеспе құжатты рәсімдеу жөніндегі міндеттемелерді қайта қарауды көздеп, бизнесті жүргізуді жеңілдету тұрғысынан ұсыныстар енгізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу