Таубаев тағы мәлімдеме жасады

453

Атырау облыс әкімінің бірінші орынбасары өзін қызметтен босатуды сұрайды.

Таубаев тағы мәлімдеме жасады

Атырау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен қамауда жатқан бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев өзінің адвокаты Игорь Вранчев арқылы тағы да мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке өзін қызметтен босату жөнінде өтініш жасады. Белгілі болғандай, ол тергеу жүріп жатқанына қарамастан ресми түрде әлі де бұрынғы қызметінде екен. 

"Бұл менің қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша кінәмді мойындағанымды білдірмейді, мен өзімнің жазықсыз екенімді дәлелдеуге тырысамын. Мұндай шешімге келу себебім, мен тергеу жүріп жатқан кезде осындай жауапты қызметті атқарып отыруға тиіс емеспін. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына жұмыстың ең маңызды бөлігі тиесілі, сонымен қатар алда ҚР мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау науқаны келе жатыр, осы себептерге байланысты Атырау облысының әкімі мен әріптестерімнің ешқайсысына зияным тимегенін қалаймын", – деп түсіндіреді Н.Таубаев. 

Сонымен бір мезгілде, Telegram-чаттарда Таубаевтың орнына ҚР Парламенті мәжілісі аппаратының бұрынғы басшысы Серік Айдарбеков келеді екен деген алыпқашпа әңгіме тарауда. Ол бұған дейін де 2010-2012 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Нұрлан Таубаевтың отставкаға кету жөніндегі өтінішіне қатысты әзірге қандай да бір шешім қабылданбаған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу