Тауда адасып қалған 2 турист құтқарылды

260

Туристер тауға 13 тамызда көтерілген.  

Тауда адасып қалған 2 турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Аюсай шатқалында шамамен 2260 метр биіктікте бағытынан адасқан екі туристке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туристер 13 тамызда тауға көтерілген. Төмен түсу кезінде олар туристік соқпақтан адасып, әрі қарай өздігінен жүріп кете алмаған.

Алматы қаласы Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары туристерді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Олар "Алма-Арасан" визит-орталығына дейін алып барылды.

Туристердің медициналық көмекке мұқтаж болмағаны хабарланды. Кейін олар үйлеріне өздігінен қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу