Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысы кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сирек жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ерекше сәт бейнекамераға түсірілді.
Қар барысы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауындағы сирек жануар. Оның табиғи мекен ету ортасында кездесуі таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды белгі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу