Таудан табылған Алматы тұрғыны эвакуация кезінде қайтыс болды

1498

35 жастағы ер адамды құтқарушылар Құмбелсу шатқалынан тапты.

Таудан табылған Алматы тұрғыны эвакуация кезінде қайтыс болды

Іле Алатауынан екі күн бойы іздестірілген Алматы тұрғыны эвакуация кезінде қайтыс болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенген дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады. Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр  болған. Сағат 20.45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады",– деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 12 желтоқсанында сағат 20.15-те Республикалық жедел-құтқару жасағына Титов көлінің маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен болатын. Республикалық құтқару жасағының құтқарушылары тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті тік болғанына қарамастан, жоғалып кеткен адамды іздестіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Оқиға орнына жеке құрамның бірнеше тобы мен кинологиялық есептер қосымша жіберілді. Жоғалған адам Горельник тауының жоғарғы жағынан, Титов асуынан, Титов көлінен, Терешкова асуынан, сондай-ақ Чукур жазығынан, Чукур асуынан, Құмбелсу өзенінің шатқалдарынан іздестірілді. Соңғы геолокацияның орны Құмбелсу шатқалының ауданы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу