Бүгін "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жастарға жан-жақты қолдау көрсету Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Комиссия құрамына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар және бизнес өкілдері кірді. Аида Балаева комиссия әділ шешім қабылдағанына сенім білдірді.
Комиссия қорытындысы нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.
Грантты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, биыл барлығы 1700 өтінім түсті. Оның ішінде 1622 өтінім қабылданды. Атап айтқанда, "Бизнес" бағыты бойынша – 796, "Ғылым" Волонтерлік" бағыты бойынша – 171 өтінім.