"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды

100

Оның айтуынша, грант жас қазақстандықтарға өз идеяларын нақты жобаларға айналдырып, оларды мемлекет қолдауымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды Фото: ortcom_kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен аталған грант жыл сайын 6 бағыт бойынша табысталады: "Ғылым", "Мәдениет", "Ақпараттық технологиялар", "Бизнес", "Медиа" және "Волонтерлік". Әрбір жеңімпаз өз жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге алады", – деді спикер.

Байқау өткізілген уақыт ішінде түрлі саладағы жас азаматтардың 153 жобасына қолдау көрсетілді. Үздік мысалдардың қатарында "Vbox", "qMed", "ASpan" жобалары аталды.

"IT саласындағы "Vbox" жобасы – толық автоматтандырылған микромаркеттер желісі. Бүгінде Астанада 17 орын жұмыс істейді, олар 1200-ден астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді. Жобаның әлеуметтік маңызы зор: әлеуметтік цех ашылып, онда осал санаттағы азаматтар жұмыспен қамтылған. Қазірдің өзінде 50-ден астам адам жұмысқа орналасып, бейімделуден өтті. Сонымен қатар жоба қаржылық тұрғыдан тұрақты және ауқымын кеңейту мүмкіндігіне ие", – деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу