Тәуелсіздік жылдарынан бергі дипломдар арнайы базаға енгізіліп жатыр

386

Арнайы платформада бүгінде 3,5 млн диплом бар. 

Тәуелсіздік жылдарынан бергі дипломдар арнайы базаға енгізіліп жатыр Фото: canva.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында жалған диплом сатушылармен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалған диплом сату – қылмыстық іс-әрекет. Қылмыстық Кодекстің 385-бабына сәйкес, ресми құжаттарды, мөрлерді, қолтаңбаларды, лицензиялық құжаттарды қолдан жасау 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеуге немесе айырылуға әкеледі. Оны екінші рет қайталаған жағдайда 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жалған дипломдарды біле тұра сатып алған және қолданған азаматтар 40 күнге дейін бас бостандығынан айырылады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін", - деді ведомство басшысы.

Оның дерегінше, Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл бағытта Ішкі істер министрлігі, құқық қорғау органдарымен арнайы жоспарды бекіткен. 

"Ішкі істер министрлігі OLX.kz сияқты платформаларға рейд жүргізіп жатыр. Екіншіден, 1991 жылдан бастап берілген бүкіл дипломды біздің арнайы платформамызға енгізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар 2018 жылдан басталды. Осы күнге дейін 3,5 млн диплом базаның ішінде тұр. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы тексереді. Әр дипломның өзінің жеке нөмірі және QR коды болады. Кез келген QR арқылы азамат сілтемеден өтіп, диплом түпнұсқалылығын тексере алады", - деп түйіндеді министр Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу