Таулы Қарабақтан Арменияға өткендер саны 26 мыңнан асты

657

Армения барлығы 40 мыңға жуық адамды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын.  

Таулы Қарабақтан Арменияға өткендер саны 26 мыңнан асты Фото: РБК

Арменияға келген Таулы Қарабақ тұрғындарының саны 28 120 адамға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Армения үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 қыркүйектегі жағдай бойынша 20.00 (Астана уақытымен 00.00) Таулы Қарабақтан Армения Республикасына 28120 босқын кірді", — делінген ел үкіметінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Министрлер Кабинеті келгендердің 20 800-ін тіркеу туралы мәліметтер жинақталып, 7320 адамның қажеттіліктері әлі де нақтыланып жатқанын айтты.

"Алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ барлық адамдарды үкімет тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етеді", — хабарламада атап өтілген.

Кеше сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Таулы Қарабақтан Арменияға 13 550 адам қоныс аударғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу