Тауық еті бір жылда 23%-ға қымбаттаған

1673

Тауық етінің бағасы Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында айтарлықтай өскен.

Тауық еті бір жылда 23%-ға қымбаттаған

Биыл қаңтарда Қазақстанда 8,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған құс еті өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Мұздатылған құс етін шығару бір жылда 9,7%-ға, 11,6 мың тоннаға дейін өсті.

Жас немесе тоңазытылған құс етін өндіру бойынша Ақмола облысы көшбасында (2,9 мың тонна). Үздік үштікке Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары енді.

Мұздатылған құс етін өндіру бойынша Алматы облысы көш бастап тұр (5,7 мың тонна). Екінші және үшінші орындарда Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. 

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 110,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған және 127,4 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілген, өткен жылғы көрсеткіш – 100,5 мың және 112 мың тонна.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар құс еті мен қосымша өнімдерге сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 62,6% қамтамасыз еткен, 2020 жылғы көрсеткіш – 56,3%. 

Сондай-ақ импорт үлесі – 37,4%. Қазақстанға шетелден 168,5 мың тонна тауық еті жеткізілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз.

Ішкі нарықта тауық етін сату бір жылда 5,2%-ға, 426,5 мың тоннаға дейін өскен.

Биыл ақпанда Қазақстан бойынша бөлшек сауда нүктелеріндегі тауық құны бір жылда 17,2%, бір келісі үшін 1,1 мың теңгеге дейін, тауық еті 22,8%, бір келісі үшін 958 теңгеге өскен.

Шымкентте тауық бір жылда бірден 35,2%-ға қымбаттаған. Түркістан және Қарағанды облыстарында да тауық бағасы айтарлықтай көтерілген.

Тауық еті бағасының ең жоғары жылдық өсуі Түркістан (бір жылда 55,8%), Ақтөбе (бір жылда 41,3%) және Маңғыстау (бір жылда 37,6%) облыстарында байқалды.

Ақтауда тауық қымбат: 1 келісі – 1,3 мың теңге, ал Нұр-Сұлтанда 1 келі тауық еті 1,1 мың теңгеге сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу