Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады. Бұл туралы көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу